«10-15-желтоқсан аралығында Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІБ бірлесе отырып арнаулы шара өткізу нәтижесінде мұнай өңдейтін 11 шағын зауытты әшкереледі»,- деді ол. Оның айтуынша, «бұл зауыттар техникалық параметрлеріне қарай мұнайды жанар-жағармайға айналдыруға лайықты». Шағын зауыттар 50-ден 500 тоннаға дейін мұнай өңдей алады.
С.Сейітовтың айтуынша, бұл зауыттарға «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» кенішінен ұрланған мұнай шикізат ретінде жеткізіліп отырған. Операция барысында зауыттардан бағасы 100 мың долларды құрайтын 420 мың тонна шикі мұнай тәркіленді. Сондай-ақ, операция барысында бір зауыттың қожайыны тұтқындалды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Қызылорда облыстық ІІБ тексеріп жатқан бұл істі ҚР ІІМ тікелей бақылауға алды.
«Бұл зауыттардың іс-қызметін ұйымдасқан қылмыстық топтар басқарған»,- дейді С.Сейітов. «Қылмыскерлер арнаулы техника, арнаулы көлік, спутниктік байланыс желісі және қару-жарақтармен қаруланған»,- деді ол.
Қазір ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшылары іздестіріліп жатыр.
С.Сейітовтың айтуынша, бұл зауыттар аймақта 2-3 жылдан бері жұмыс істеген. Сол себепті өңірде бұдан басқа да шағын зауыттардың болу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.