Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады

Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады

Сейсенбі күні Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық тұтас ағым ықпал етуінен мұнда күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады. Республиканың қалған бөлігінің ауа райын жоғарғы қысымдағы аймақ айқындайды, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

  • 28 Маусым 2011
  • 514
Фото - Caravan.kz

Сейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең өтпелі жауын жауады, батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, ауа температурасы +24+26 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, күндіз өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, оңтүстік-батыстан 0-5 м/с жел соғады, ауа температурасы +28+30 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде тек Ақмола облысында аздап нөсерлеткен жауын жауып, күн күркіреген кезде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түсіп, ауа температурасы +23+28 градус болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында жауын-шашынсыз, ауа темпертаруасы +23+28 градус болады.

Қарағанды облысында өтпелі жауын жауады, жекелеген аудандарда 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы +23+28 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында аздап жауын жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +25+30 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде күн ашық болады деп күтілуде. Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы сәйкесінше, +30+33, +29+34 және +33+38 градус болады. Алматы облысында ғана өтпелі жауын жауып, ауа температурасы +27+32 градус болады.

Қазақстанның батысында барлық облыстарда күн ашық, Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі, ауа температурасы +30+35 градус, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысында ауа температурасы сәйкесінше, +33+38, +25+30 және +26+31 градус болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан, Қызыорда облыстарнда, Алматы облысының солтүстігі мен Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт туындау қаупі өте жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның қалған су айдындарында елеулі өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар