Республиканың солтүстігі мен орталығында 30 градустық аяздар күтіледі
Бұрын хабарланғандай, 10-14 желтоқсан арасында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында, 11-14 желтоқсан күндері Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. |
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, түнде ол 25-30 градустан 30-35 градусқа дейін, кейбір жерлерде 40 градус аязға дейін төмендесе, күндіз 15-20 градустан кейбір жерлерде 25 градус аяздан 23-28, кейбір жерлерде 33 градусқа дейін суытады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін