Ресторанға барсаңдар қазақша сөйлеңдерші, өтініш - Ләйлә Сұлтанқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресторанға барсаңдар қазақша сөйлеңдерші, өтініш - Ләйлә Сұлтанқызы

Ресторанға барсаңдар қазақша сөйлеңдерші, өтініш - Ләйлә Сұлтанқызы

Журналист, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарын өз ана тілін құрметтеуге шақырды. Күнделікті тірлікте қазақша сөйлеп, қазақ тілінің қолданысын барынша жандандыруға үгіттеді.

  • 2 Қазан 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сенбі ғой, бала-шағаны тренировкаға жіберіп, жапон ресторанына бардық. Залда адам толы. Официант қазақтың қызы, орысшаға судай, менюды түсіндіре бастады. Қазақша сөйлей бастап едім, апай, мынау суши күшті, сашимидің дәмі тіліңізді үйіреді, сорпаларындағы калория төмен, балықты сондай жерден арнайы алдырамыз деп жарнамалағанда барлығын жегім кетті" — деп жазды журналист.

Қазақ тілінің қолданысына қатысты алаңдаушылық білдіріп:

"Сіңлімнің іші толып қалған-ау, жиі келіп тұрыңызшы, мұнда қазақша сөйлейтіндер аз келеді деп шығарып салды. Ресторанға барсаңдар қазақша сөйлеңдерші өтініш, официанттың бәрі негізі қазақша түсінеді және сөйлейді", — деп жалғады өз сөзін автор.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін де Ләйлә Сұлтанқызы қазақша өтпейтін ауқымды шараға барудан бас тартып, тіл мәртебесін сақтауға қатысты берік азаматтық ұстанымымен ел ықыласына бөленген еді. Тележүргізуші көп жылдардан бері ана тілімізде түрлі бағдарламаларды жүргізіп келеді, еңбек жолын радиодағы диджейліктен бастаған. Сонымен қатар, ұлттық ақпарат кеңістігінің қазақылануына ықпал еткен мамандардың бірі.