Режиссер, оператор және сценаристердің Орталық Азия аймағындағы ең алғашқы жоғары курсы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Режиссер, оператор және сценаристердің Орталық Азия аймағындағы ең алғашқы жоғары курсы ашылды

Режиссер, оператор және сценаристердің Орталық Азия аймағындағы ең алғашқы жоғары курсы ашылды

Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақтың ұлттық өнер академиясында Орталық Азия аймағындағы режиссер, оператор және сценаристердің тұңғыш Жоғары курсы ашылды. Оны академия ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

  • 27 Маусым 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Курс бағдарламасы екі жылдық. Оған қабылданғандар бірінші курста Алматыда есімі әлемге әйгілі өнер майталмандарынан тәлім алып, екінші курсты Мәскеуде жалғастыратын болады. Үміткерлерді іріктеу тамыз айында басталады. Кәсіби деңгейі жоғары бұл мамандарға сұраныс көп»,-деді А. Мұхамедиұлы.

Курста дәріс беруге қазірдің өзінде ресейлік Иракли Квирикадзе, Валерий Рудин, Евгений Гингзбург сияқты шеберлер өз келісімдерін беріп отыр. Онда үміткерлер арнайы сынақ арқылы іріктеліп, грандпен және ақылы негізде оқуға қабылданады деп жоспарлануда.

Жалпы, ғылыми бағыттағы магистратура мен PhD-ға қарағанда жоғары курстық оқу бағдарламасы шығармашылық сипатта болмақ. Оған үкіметаралық келісім бойынша гранд арқылы Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей және Беларус елінің режиссер, оператор және сценаристерінің қатысуға мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар