Caravan Logo

Режиссер, оператор және сценаристердің Орталық Азия аймағындағы ең алғашқы жоғары курсы ашылды

Режиссер, оператор және сценаристердің Орталық Азия аймағындағы ең алғашқы жоғары курсы ашылды

«Курс бағдарламасы екі жылдық. Оған қабылданғандар бірінші курста Алматыда есімі әлемге әйгілі өнер майталмандарынан тәлім алып, екінші курсты Мәскеуде жалғастыратын болады. Үміткерлерді іріктеу тамыз айында басталады. Кәсіби деңгейі жоғары бұл мамандарға сұраныс көп»,-деді А. Мұхамедиұлы.

Курста дәріс беруге қазірдің өзінде ресейлік Иракли Квирикадзе, Валерий Рудин, Евгений Гингзбург сияқты шеберлер өз келісімдерін беріп отыр. Онда үміткерлер арнайы сынақ арқылы іріктеліп, грандпен және ақылы негізде оқуға қабылданады деп жоспарлануда.

Жалпы, ғылыми бағыттағы магистратура мен PhD-ға қарағанда жоғары курстық оқу бағдарламасы шығармашылық сипатта болмақ. Оған үкіметаралық келісім бойынша гранд арқылы Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей және Беларус елінің режиссер, оператор және сценаристерінің қатысуға мүмкіндігі бар.