Жарияланды: 560

РФ Федералдық антимонополиялық қызметі Кемерово облысы губернаторының үстінен қылмыстық іс қозғады - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Алматы. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - РФ Федералдық антимонополиялық қызметі Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевтің үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің баспасөз хатшысы Маржан Ордабайға сілтеме жасап.

"А. Төлеевке қатысты қылмыстық іс РФ "Бәсекелестікті қорғау туралы" федералдық заңының 16-бабының 4-тармағы мен 15-бабының 1-тармағын бұзу белгілері бойынша қозғалды. Сонымен бірге РФ Федералдық антимонополиялық қызметі Новокузнецк қаласы мен Кемерово облысы әкімшілігіне, Роспотребнадзор басқармасына, Ростехнадзор басқармасы мен РФ ТЖМ Кемерово облыстық МБ Новокузнецк қалалық мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің үстінен де қылмыстық іс қозғады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. РБұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ф Федералдық антимонополиялық қызметінің жетекшісі Игорь Артемьев Кемерово облысының Новокузнецк қаласындағы Қазақстанның "Каспийские ресурсы" компаниясына тиесілі цемент "Кузнецк цемент зауытының" жабылуына қатысты тексерулерді аяғына дейін жеткізуге, сол арқылы Ресейдегі Қазақстандық инвестордың құқығын қорғауға уәде берді. Бұл туралы ол Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің отырысында мәлімдеді. "Біз қазір Кемерово облысында үлкен күрес жүргізіп жатырмыз. Онда Қазақстандық инвесторлар цемент зауытын сатып алған. Ал біздің губернатор (Аман Төлеев - Қазақстан Бүгін ескертпесі) құқық қорғау органдарымен, ІІМ және Федералдық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп осы зауыттың жұмысын тоқтатып тастады", - деді И. Артемьев. "Бізге Федералдық кеңес тарапынан да, губернатор тарапынан да қысым көрсетілуде, бірақ біз бұл тергеуді аяғына дейін жеткіземіз", -деп сендірді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін