РФ Федералдық антимонополиялық қызметінің жетекшісі Кемерово облысындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі цемент зауытының жабылуына қатысты тексерулерді аяғына дейін жеткізуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ Федералдық антимонополиялық қызметінің жетекшісі Кемерово облысындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі цемент зауытының жабылуына қатысты тексерулерді аяғына дейін жеткізуге уәде берді

РФ Федералдық антимонополиялық қызметінің жетекшісі Кемерово облысындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі цемент зауытының жабылуына қатысты тексерулерді аяғына дейін жеткізуге уәде берді

Астана. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - РФ Федералдық антимонополиялық қызметінің жетекшісі Игорь Артемьев Кемерово облысының Новокузнецк қаласындағы Қазақстанның "Каспийские ресурсы" компаниясына тиесілі цемент "Кузнецк цемент зауытының" жабылуына қатысты тексерулерді аяғына дейін жеткізуге, сол арқылы Ресейдегі Қазақстандық инвестордың құқығын қорғауға уәде берді. Бұл туралы ол бүгін Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің отырысының екінші күні мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Қазан 2008
  • 374
Фото - Caravan.kz

«Біз қазір Кемерово облысында үлкен күрес жүргізіп жатырмыз. Онда Қазақстандық инвесторлар цемент зауытын сатып алған. Ал біздің губернатор (Аман Төлеев — Қазақстан Бүгін ескертпесі) құқық қорғау органдарымен, ІІМ және Федералдық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп осы зауыттың жұмысын тоқтатып тастады», — деді И. Артемьев.

«Бізге Федералдық кеңес тарапынан да, губернатор тарапынан да қысым көрсетілуде, бірақ біз бұл тергеуді аяғына дейін жеткіземіз», -деп сендірді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар