РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы ресми сапармен елімізге келеді

РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы ресми сапармен елімізге келеді

13-14-желтоқсанда РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы Сергей Миронов ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Федерация Кеңесі төрағасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Желтоқсан 2004
  • 438
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында ҚР парламенті сенатының депутаттары алдында сөз сөйлеп, «Қазақстан мен Ресейдің индустриалдық-инновациялық саясаты: заңнамалық қамтамасыз ету және оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен біртұтастығы» тақырыбы бойынша парламентаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, Федерация Кеңесіне арналған кітап және фотокөрмесінің ашылу салтанатына қатысады.

Бұл шаралар Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің күндері аясында өткізіледі.
Сондай-ақ С.Миронов ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов, ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев,тармен кездесіп, «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ мен «Бәйтерек» кешенінде болады.

Перейти к новостям спорта