РФ Мемлекеттік Думасы "Байқоңыр" кешенін пайдалану туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімді талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ Мемлекеттік Думасы "Байқоңыр" кешенін пайдалану туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімді талқылайды

РФ Мемлекеттік Думасы "Байқоңыр" кешенін пайдалану туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімді талқылайды

Бүгін, 25-мамырда РФ Мемлекеттік Думасы "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімді бекіту туралы" федералдық заңның жобасын қарайды. Бұл туралы РФ Мемлекеттік Думасының хабарламасында айтылған, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Мамыр 2005
  • 448
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімге 2004-жылдың 9-қаңтарында Астанада қол қойылған. Бұл құжат ҚР мен РФ арасында 1994-жылдың 28-наурызында қол қойылған «Байқоңыр» ғарыш кешенін пайдалану шарттары мен принциптері туралы келісімнің тәртіптерін толықтыру үшін әзірленді.

«Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге сәйкес, ғарыш кешенін жалға алу мерзімі 2050-жылға дейін ұзартылды.
Келісімнің күшіне енуі «Байқоңыр» кешенін ұлттық ғарыштық бағдарламалар, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен коммерциялық ғарыштық бағдарламалардың мүддесіне бұдан былай да тиімді пайдалануға түрткі болып, ғарыш айлағының техникалық ұшыру кешендеріне жұмсалған қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік берумен бірге ғарыш айлағына инвестициялар мен шетелдік тапсырыстарды тартуға қолайлы жағдай жасауға кепілдік береді.
Бұл келісімнің тағы бір басым бағыты — «Байқоңыр» ғарыш айлағында Ресейдің «Ангара» ғарыштық-зымыран кешенінің негізінде «Бәйтерек» деп аталатын экологиялық қауіпсіз ғарыштық зымыран кешенін құруға саяды.

Перейти к новостям спорта