РФ мен ҚХР басшылары Душанбеде өтетін кездесуде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ мен ҚХР басшылары Душанбеде өтетін кездесуде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр

РФ мен ҚХР басшылары Душанбеде өтетін кездесуде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр

Душанбе. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - РФ президенті Дмитрий Медведев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Тәжікстан Республикасына алдағы ресми сапарларының барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Тамыз 2008
  • 401
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ақпарат департаментінің бастығы Давлат Назриевтің айтуынша, қазіргі уақытта құжаттар келісіліп жатқандықтан нақты қандай құжаттарға қол қойылатыны әзірге жарияланбайды. Ол тек қана сапарлар мерзімін ғана атап көрсетті. Ху Цзиньтаоның сапары 27 тамызға, ал Ресей президентінің сапары 29 тамызға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар