Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ақпарат департаментінің бастығы Давлат Назриевтің айтуынша, қазіргі уақытта құжаттар келісіліп жатқандықтан нақты қандай құжаттарға қол қойылатыны әзірге жарияланбайды. Ол тек қана сапарлар мерзімін ғана атап көрсетті. Ху Цзиньтаоның сапары 27 тамызға, ал Ресей президентінің сапары 29 тамызға белгіленген.