РФ мен ҚР халықаралық терроризммен күрес ісінде ынтымақтастықты кеңейту жөнінде уағдаласты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ мен ҚР халықаралық терроризммен күрес ісінде ынтымақтастықты кеңейту жөнінде уағдаласты

РФ мен ҚР халықаралық терроризммен күрес ісінде ынтымақтастықты кеңейту жөнінде уағдаласты

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы халықаралық терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен және экстремизммен күрес ісінде ынтымақтастықты кеңейту жөнінде уағдаласты, деп көрсетілген бейсенбі күні Астанада қол қойылған Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев пен Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірлескен мәлімдемесінде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Мамыр 2008
  • 1106
Фото - Caravan.kz

«Ресей мен Қазақстан халықаралық терроризммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі мен қарудың заңсыз айналымымен күресте, экстремизмнің барлық түрлерінің таралуына қарсы әрекет етуде өзара ынтымақтастықты үнемі тереңдетіп отыратын болады», — деп айтылған құжатта.

Президенттер өз елдерінің аумағында алалаудың кез келген түрінің, сондай-ақ, азаматтардың қандай да бір ұлт өкілі болуына байланысты халықаралық алауыздық тудыруға және зорлық-зомбылыққа итермелеудің жолын кесуге дайын екендіктерін растады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті