РФ Орталық энергетикалық кедені КТК жүйесімен транзитті тасымалданатын Қазақстан мұнайын электрондық тәсілмен рәсімдеуге көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ Орталық энергетикалық кедені КТК жүйесімен транзитті  тасымалданатын Қазақстан мұнайын электрондық тәсілмен рәсімдеуге көшті

РФ Орталық энергетикалық кедені КТК жүйесімен транзитті тасымалданатын Қазақстан мұнайын электрондық тәсілмен рәсімдеуге көшті

РФ Орталық энергетикалық кедені мұнайды кедендік рәсімдеуде электрондық декларация толтыру тәсілін енгізуге бағытталған эксперимент аясында КТК жүйесімен транзитті тасымалданатын Қазақстан мұнайын электрондық тәсілмен рәсімдеуге көшті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ресейдің Федералдық кеден қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Тамыз 2005
  • 511
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, КТК жүйесімен транзитті тасымалданатын Қазақстан мұнайын электрондық тәсілмен рәсімдеуді «Даэрс-финанс» жауапкершілігі ашық қоғам деп аталатын кедендік брокер жүзеге асырады.

Сонымен бірге бұл экспериментке декларациялауды дербес жүзеге асыратын «Лукойл» ашық жауапкершілікті қоғам да қатысуда.
Декларант кеден инспекторымен электронды байланыс арқылы онлайн режимінде қарым-қатынас жасайды.
Аталмыш технологияны қолданысқа енгізу декларантқа өзі толтырған электронды декларацияны Ресейдің кез-келген аймағында орналасқан кеңсесінен тікелей РФ Орталық энергетикалық кеденіне жолдауға мүмкіндік береді.

Перейти к новостям спорта