Ресей басшысы Астанада өтетін екі елдің өңіраралық ынтымақтастығы ХІІІ форумының пленарлық отырысына қатысады.
Айта кетейік, «Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту» жиынның басты тақырыбы болмақ. Одан бөлек, экспортты қолдау, туризм, жастар саясаты мен ғылым мәселелері де қозғалады. Форумға қатысушылар ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің нысандарын аралайды деп жоспарланып отыр.