Жарияланды: 410

РФ, Қазақстан және Белоруссия экономикалық интеграциясын ЕО тәжірибесін ескере отырып жүргізуде, бірақ бірыңғай валюта енгізу жоспарда жоқ - Медведев

Ресей Кеден одағы шеңберінде интеграциялану барысында Қазақстан және Беларусиямен арада 2015 жылға қарай толыққанды экономикалық одақ құрмақ, деп хабарлады сейсенбіде РФ үкіметінің жетекшісі Дмитрий Медведев.

"Біздің ортақ рыногымыз бар, деді ол Францияның іскерлік топтарымен кездесу кезінде. -2015 жылдың 1-қаңтарына қарай әріптестерімізбен бірлесіп толыққанды экономикалық одақ құрмақпыз. Еуропалық одақтың тәжірибесін мұқият талдаудамыз". Оның айтуынша, КО шеңберінде әзірге бірыңғай валюта құру жоспарда жоқ. "Алайда біз қаржылық ынтымақтастығымызды нығайтудамыз, өйткені рубль дүниежүзілік резервті валютаға қосылуы ықтимал", деді ресейлік премьер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін