Д.Ахметовтың айтуынша, 2004-жылдың желтоқсан айында бағдарламаны жүзеге асыруға Ресейдің 21 құрылыс компаниясын қатыстыру туралы келісімге қол қойылған. «Бұл компаниялар таяудағы тендерге қатысып, баспана бағасын арзандатуда катализатор ролін атқарады деп сенемін»,- деді Д.Ахметов.
«Үкіметтің бағалауынша, тұрғын үйдің 1 шаршы метрін 350 долларға бағалау — қол жеткізуге тіптен болатын деңгей»,- деп мәлімдеді үкімет басшысы.