РФ СІМ Экваториялық Гвинеяда қазақстандық пилоттардың қаза тапқаны туралы деректі растады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ СІМ Экваториялық Гвинеяда қазақстандық пилоттардың қаза тапқаны туралы деректі растады

РФ СІМ Экваториялық Гвинеяда қазақстандық пилоттардың қаза тапқаны туралы деректі растады

Экваториялық Гвинеяда Ресей мүддесін қорғау ісімен қоса шұғылданатын Ресейдің Камерун еліндегі дипломатиялық өкілі Малабода апатқа ұшыраған Ан-24 ұшағының пилоттары арасында Қазақстанның үш азаматы болғаны туралы деректі растады. Бұл туралы бүгін, 22-шілдеде Алматыда ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Шiлде 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ұшақ апатынан Қазақстанның үш азаматы, атап айтсақ, ұшақ командирі Вильгельм Кук, бортмеханик Николай Хорев пен екінші пилот Валерий Довгаль қаза тапты. Олардың үшеуі де Қостанай тұрғындары.

Ұшақ апаты Экваториялық Гвинея астанасынан 35 шақырым жерде болған. Ұшақ құлаған жер адам аяғы жетуі қиын жер көрінеді. Қазір оқиға орнында іздестіру шаралары жүргізілуде. Әзірге Экваториялық Гвинея елінің екі азаматының мүрдесі табылған.
Алдын-ала болжам бойынша, апаттың шығуына күн райы әсер еткенге ұқсайды.

Перейти к новостям спорта