РФ Үкіметі «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жолының ресейлік бөлігін дайындау жөніндегі жұмыстарды белсенді жүргізбек
РФ Үкіметі «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жолының ресейлік бөлігін дайындау жөніндегі жұмыстарды белсенді жүргізбек. |
Бұл туралы РФ Үкіметінің төрағасы Владимир Путин бүгін Мәскеуде Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамыту мәселелеріне арналған конференцияда мәлім етті.
«Бұл біздің үлкен бірлескен жобамыз: Қазақстан және Ресей арқылы Қытайға жол салу жобасы. Үкіметтегі, көлік және қаржы министрліктеріндегі әріптестерімнің назарын мына жайтқа аудара кетпекпін - бұл бірлескен жұмысты әрі қарай қалай жалғастыратыннымыз жайлы қазірден ойлануымыз керек. Біз жолдың біздің шекарамызға дейін тартылып, әрі қарай тоқтап қалуына жол бере алмаймыз. Біз іс-қимылдарымызды, оның ішінде бюджет саласындағы іс-қимылдарымызды үйлестіруіміз керек»,- деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін