РФ үкіметі ЕурАзЭҚ елдерінің ортақ мұнай-газ рыногын дамыту және ұйымдастыру тәртіптері туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ үкіметі ЕурАзЭҚ елдерінің ортақ мұнай-газ рыногын дамыту және ұйымдастыру тәртіптері туралы келісімді бекітті

РФ үкіметі ЕурАзЭҚ елдерінің ортақ мұнай-газ рыногын дамыту және ұйымдастыру тәртіптері туралы келісімді бекітті

РФ үкіметі ЕурАзЭҚ елдерінің ортақ мұнай-газ рыногын дамыту және ұйымдастыру тәртіптері туралы келісімді бекітті. 26-қыркүйекте РФ үкімет басшысы Михаил Фрадков осы жөніндегі қаулыға қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Қыркүйек 2005
  • 332
Фото - Caravan.kz

М.Фрадковтың айтуынша, «бұл — ұйымға мүше елдердің мұнай және газ рыногындағы іс-әрекеттерін үйлестіруге жасалған үлкен қадам». «Құрылғалы 5 жыл болған ЕурАзЭҚ бұрынғы кеңестік кеңістіктегі беделді ұйымға айналғанын дәлелдеді»,- деді ол.
Келісімде атап көрсетілгеніндей, ортақ мұнай және газ рыногы ұлттық мұнай, газ және оларды өңдеу өнімдерінің рыноктарының, сондай-ақ, мемлекеттердің транспорттық коммуникацияларының негізінде қалыптасады.
Келісімге сәйкес, мұнай, газ және оларды өңдеу өнімдерін еркін тасымалдау қарастырылған. Тараптар мұнай-газ ресурстарының саудасында қандайбір тарифтік немесе тарифтік емес шектеулерге жол бермеуге, сондай-ақ, ұлттық мұнай және газ рыноктарының инфрақұрылымына шығуға бірдей жағдайлар жасауға міндетті.
Сондай-ақ, келісімде атап көрсетілгеніндей, ортақ рынокты дамыту — мұнай-газ ресурстары саласында өзара келісілген экспорттық-импорттық саясат жүргізуге, мұнайг-газ саласына инвестиция тартуға қолайлы жағдайлар жасауға септігін тигізбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта