RG Brands Kazakhstan» компаниясының өнімдері бес елге экспортталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
RG Brands Kazakhstan» компаниясының өнімдері бес елге экспортталуда

RG Brands Kazakhstan» компаниясының өнімдері бес елге экспортталуда

Бүгін Астанада жаңа өндірістердің тұсаукесерінен басқа, бұрын енгізілген және табысты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар есебінен тағы үш нысан Президентпен тікелей эфирге шықты.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 469
Фото - Caravan.kz

Бұл өндірістер ҮИИДБ аясында мемлекеттік қолдауға ие болған: өз өндірісін жаңғыртқан немесе кеңейткен, экспортқа шыққан, инновацияларды енгізіп және еңбек өнімділігін арттырып отыр. Олардың бірі — Алматы облысындағы «RG Brands Kazakhstan» компаниясының AKSENGIR өндірістік-логистикалық кешені.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан және Орталық Азиядағы ірі өндірістік-логистикалық кешен өндірісінің көлемі соңғы үш жылда үш есеге артты. Кеден одағын құрудың арқасында Ресейге сату 4 есеге өсті. Және алдағы уақытта да біз өндіріс көлемін жыл сайын 20 пайызға көбейтуді жоспарлап отырмыз», — деді тұсаукесер барысында «RG Brands Kazakhstan» ЖШС өндірісінің бас басқарушысы Асхат Ағыбаев.

А.Ағыбаевтың айтуынша, Қазақстан және Орталық Азиядағы ірі өндірістік-логистикалық кешен 2009 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Елтай кентінде іске қосылды. Инвестициялардың жалпы сомасы 90 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанның Даму банкі 10 млн. АҚШ долларын қаржыландырды. Компанияда үздік әлемдік басқару стандарттары енгізілді. «Пепси» және «Липтон АйсТи» халықаралық сауда маркаларымен қатар қазақстандық «Пиала» шайы, «АСУ» суы, «Грацио», «ДА-ДА», «Нектар Солнечный» шырындары, «Мое» сүті, «Апорт» және «Ети» сусындары, «Гризли» чипсылары шығарылады.

Соңғы үш жылда қосымша 100-ден астам жұмыс орындары құрылды, қызметкерлердің 70 пайызға жуығы Алматы облысында, олардың 30 пайызы — Қарасай ауданындағы жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары. Инженерлік-техникалық құрамды оқыту және кәсібилігін арттыру бойынша бағдарламалар үнемі өткізіліп тұрады. Орташа айлық жалақы 125 мың теңгеге дейін өсті, өнімділік 3 есеге артып, 2012 жылы 1 қызметкерге 69 млн. теңгені құрады. Өндіріс көлемі 3 есеге, соның ішінде экспорт — 4 есеге артты.

«Өнімдеріміз Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия және Ресейге экспортталады. Экспорттың 3-3,5 есеге өсуін күтудеміз. Инвестициялар 1,5-2 млрд. теңгені құрайды. RG Brands компаниясының аталған жобасы елді үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының уақытылылығы мен қажеттілігін қуаттайды», — деп атап өтті ТОО «RG Brands Kazakhstan» ЖШС өндірісінің бас басқарушысы Асхат Ағыбаев.