Риддер қалалық соты оқ-дәрі сатқан полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Риддер қалалық соты оқ-дәрі сатқан полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарады

Риддер қалалық соты оқ-дәрі сатқан полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарады

Риддер қалалық соты Риддер ІІБ-нің кезекші бөлімі бастығы Ш. Түсіповке және оның көмекшісі Д. Кәрібаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 550
Фото - Caravan.kz

Полиция майоры Ш. Түсіпов патрондарды (оқ-дәріні) сақтауға және есепке алуға материалдық-жауапты тұлға бола тұра, оны сату мақсатында  Риддер ІІБ-нің кезекші көмекшісі Д. Кәрібаевпен алдын ала сөз байласып, оқ-дәріні ұрлауға бағытталған қылмыстық келісімге  келген.

Ш. Түсіпов тарату-өткізу тізімдемесін толтыруда тәжірибелік атыс сабақтарына бармаған ІІБ қызметкерлері үшін олардың қолдарын тізімдемелерге өзі қойып отырған. Кезекші бөлімі бастығы аталған тізімдемелер негізінде патрондарды есептен шығару туралы акт толтырған.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Д. Кәрібаев азаматтық тұлғамен кездесіп, 300 патронды 40 мың теңгеге сатып алуға  ұсыныс жасаған.

ҰҚК Департаменті мен ШҚО ІІД-нің қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырған жедел тергеу  шараларын жүргізу барысында, Д. Кәрібаев 9 мм. калибрлі 297 дана патронды сату кезінде  ұсталған.


Сот Ш. Түсіпов пен Д. Кәрібаевты   ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігінің 1, 4 тармақтарында (қызмет бабын пайдаланып, алдын ала сөз байласқан тұлғалар тобымен ұрлау), 287-бабы 3-бөлігінде (әскери оқ-дәріні тиісті рұқсатсыз тұлғаларға заңсыз сату), 396-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін (лауазымды тұлғамен жасалған қызметтік жалғандық жасау) кінәлі деп таныды.

Ш. Түсіповке 6 жылға, Д. Кәрібаевқа  7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олардың әрқайсысының  мүлкі тәркіленіп, жазаларын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Осы ретте, Д. Кәрібаевқа ауырлататын мән-жағдайлар болып табылатын, яғни сатып алушыларды іздеу және сатуда ерекше қылмыстық рөлі үшін қатаң жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар