Су құбырының әбден тозуы салдарынан өткен жексенбіде диаметрі 300 мм су құбыры жарылған. Соның салдарынан Базовая, Горноспасательная, Пионерская көшелері, Сазоновка елдімекені, теміржол вокзалы, станциялық қалашық сусыз қалған, ал Космонавт, Безголосов, Тәуелсіздік, Тоқтаров, Свердлов, Әуэзов , Гагарин көшелерінде судың қысымы төмендеп кеткен.
Су жеткізу жағы ұйымдастырылған. «Инфорсервис» коммуналды кәсіпорынның бригадалары жөндеу жұмыстарын жүргізуде.