Риддерде иесіз сиырлар Мәдениет үйін маңайлап жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Риддерде иесіз  сиырлар Мәдениет үйін маңайлап жүр

Риддерде иесіз сиырлар Мәдениет үйін маңайлап жүр

Сиырлар мәдениет үйін маңайлап жүр! Шығыс Қазақстанның Риддер қаласындағы мәдениет сарайының алды аша тұяқтылардың алаңқайына айналған. Тұрғындар болса, басшылықтың бұған назар аудармай отырғанына наразы. 

  • 8 Қазан 2014
  • 284
Фото - Caravan.kz

Алаңдағы құнарлы көк шөпке қызықты ма, мына сиырлар жайылымға жетпей, осылай қарай бұрылып кеткен сияқты. Жергілікті жұрттың айтуынша, ірі қаралардың қаланың қақ ортасындағы жасыл желекке келгіштеп жүргеніне біраз күн болған. Алысқа бармай, жақын жерден жайылым тапқан малды жөніне айдап жіберетін жан да жоқ көрінеді.

Виктор Поветкин, Риддер қаласының тұрғыны:

Бұл қалада не болып жатқаны ешкімді қызықтырмайтын сияқты! Бүгін сиырлар жүрсе, ертең бұл жерде тағы қайсысы жайылатынын бір Құдай біледі.