Риксос қонақ үйіне тоқтаған Румыния футболшыларын тонап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Риксос қонақ үйіне тоқтаған Румыния футболшыларын тонап кеткен

Риксос қонақ үйіне тоқтаған Румыния футболшыларын тонап кеткен

11 қазан күні «Астана Арена» стадионында ӘЧ-2018 іріктеу турында Қазақстан футбол құрамасымен ойнаған Румыния футболшыларын белгісіз біреулер тонап кетті. Бұл ақпаратты «ҚазАқпарат» тілшісіне Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растады.

  • 12 Қазан 2016
  • 559
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 11 қазанда, сағат 18.25-те «Риксос» қонақ үйінің  әкімші қызметкері Астана қаласының полиция пультіне хабарласып, қонақтардың жеке заттары жоғалғанын хабарлаған. Белгісіз жағдайда алты румындық футболшының планшеттері, ақшалары, ұялы телефондары ұрланған екен.

Бір қызығы, Румыния спортшылары ұрлық туралы арыз жазбаған.

«Футболшылардан арыз түскен жоқ. Бірақ, тонау фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сот алды тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді»,-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.  

Румынияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, Алин Тошка, Николае Станку, Стелиано Филип, Овидиу Хобан, Богдан Станку және  Эрик Биквалфилер зардап шегіп отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ұрылар спортшылардың жаттығуға кеткенін күткен. Әрбір футболшыдан 250 еуро, және румын мен қазақ валюталары жоғалған.

Кеше, 11 қазан күні «Астана Арена» стадионында ӘЧ-2018 іріктеу турында Қазақстан футбол құрамасы Румынияға қарсы ойнады. Ойын есебі — 0:0. Осылайша Қазақстан құрамасы екінші ұпайды олжалады. Румыния құрамасы қазақстандықтардың дөрекі ойынына наразылық танытып, алаң иелері тарапынан болған әдепсіздіктерді елемеген төрешілерге де бірқатар сындар айтқан еді.