Рим Папасы дүниеден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рим Папасы дүниеден өтті

Рим Папасы дүниеден өтті

Рим Папасы Франциск 88 жасында қайтыс болды

  • 21 Сәуiр
  • 3
ФОТО: Vatican Media

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Рим папасы Франциск 2025 жылдың 21 сәуірінде 88 жасында қайтыс болды. Оның өлімі Ватикандағы Casa Santa Marta резиденциясында тіркелді. 

Бүгін таңертең сағат 7:35-те Рим епископы Франциск Әке үйіне қайта оралды. Оның бүкіл өмірі Жаратқан Иеге және Оның шіркеуіне қызмет етуге арналды, — деп хабарлады кардинал Кевин Фаррелл.   

Франциск өзінің бүкіл өмірін Құдайға және шіркеуге қызмет етуге арнады. Ол 2013 жылы 13 наурызда Франциск есімімен Рим Папасы болып сайланды. 

Еске сала кетейік, 20 сәуір күні ұзаққа созылған аурудан кейін ол көпшілік алдына шығып, католиктерді Пасха мерекесімен құттықтаған болатын.