Рим папасының Twitter-де микроблогы пайда болады
Әлеуметтік коммуникация құралдары жөніндегі папалық кеңес басшысы Клаудио Мария Челли Ватиканда Қасиетті престолдың баспасөз орталығында сенбі күні Он алтыншы Бенедиктің Twitter-дегі микроблогын таныстырады, деп Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады. |
Микроблогта понтификтің сөздері беріледі, ал Бенедикт XVI әр ақпаратты жіберер алдында өзі бекітетін болады. Көбінесе жастар аудиториясына бағытталған жобаны іске қосу туралы шешім Ватиканда ақпан айында қабылданды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін