Римде Халықаралық волейбол федерациясының конгресі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Римде Халықаралық волейбол федерациясының конгресі өтеді

Римде Халықаралық волейбол федерациясының конгресі өтеді

Қыркүйектің 9-10 күндері Италияның Рим қаласында Халықаралық волейбол федерациясының 32-ші конгресі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

  • 8 Қыркүйек 2010
  • 508
Фото - Caravan.kz


Халықаралық волейбол федерациясы 200-ден астам елдің ұлттық федерацияларының басын қосатын іргелі үлкен ұйым. Оның ең жоғарғы басқарушы орган саналатын Әлемдік конгресс екі жылда бір рет өтеді. Онда биыл Қазақстан тарапынан ұлттық волейбол федерациясынан Бас хатшы Ермек Сырлыбаев пен Халықаралық бөлімнің меңгерушісі Ольга Романова өкілдік еткелі отыр. Конгрестің күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелер мынау: бірінші жаңа FIVB Даму қорына жауапты Дайындық комитетін ұсыну. Оған федерациялар қор қарап, қаржыландыратын өз жобаларын ұсына алады. Екінші — 2012 жылғы келесі конгреске FIVB Президентін сайлау процедураларын ратификациялау. Үшінші — 2010 жылғы ерлер және әйелдер командалары арасындағы Әлем чемпионаты, 2010 жылғы клубтық командалар арасындағы Әлем чемпионаты, 2011 жылғы Әлем Кубогы, 2011 жылғы жасөспірімлдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионаттары, 2011 жылғы жағажай волейболынан SWATCH FIVB Әлем чемпионаты мен 2012 жылғы Олимпиада ойындары шараларын ұйымдастыру комитеттерінің таныстырылымдары.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера