Жарияланды: 390

Римдіктер Берлускониді ысқырып қарсы алды

Римдіктер Италия премьері Сильвио Берлускониді Белгісіз сарбаз басына келген кезде ысқырып қарсы алды, деп бүгін итальяндық "Репубблика" басылымы мәлімдеді.

С.Берлускони Италияның біріккенінен 150 жыл толуына орай өткен салтанатқа қатысу үшін келді. Бұл оқиғадан кейін премьер әскери парад өткізетін жерге көлікпен аттанды. "Репубблика" атап өткендей, Италия президенті Джорджо Наполитано Римде премьерге қарағанда қадірлі. Елдің бірігуінің 150 жылдығына орайластырылған шараларда римдіктер президентті жақсы қарсы алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть