Бұл биыл мамыр айында Ақтөбеде өткен «Ақтөбем менің еңселі, жырыма қосам мен сені» атты ақындардың республикалық айтысының бейнекадрлары болып шықты. Онда Ринат Зайытовтың астаналық Нұрмат Мансұровпен сөз сайысынан үзінді берілген.
Ринат өз кезегінде мынадай жыр жолдарын айтыпты:
Ал енді жыр толғайын Қасымдардай,
Қақпасы жүрегімнің ашылғандай.
Несіне ақынмын деп арқаланам,
Алты ауыз сөз айтпасам асылдардай.
Бермесең бермей-ақ қой бас жүлдеңді,
Бастайын бойымдағы тасқынды енді.
Жағынған жасықтарды марапаттау
Онсыз да біздің елде дәстүрге енді.
Талайдың естігенде былжырағын,
Ызадан күн жылдаым, түн жыладым.
Қысық көз емес, бірақ қазағымның
Намыссыз болғанына қынжыламын.
Бір қытай жерімізге көз салады,
Бір қытай қызымызға сөз салады.
Ей, қазақ, оянатын кезің келді,
Жігерің жетпіс жылда тозса-дағы.
Бес елі сорым тұрса маңдайымда,
Өзімді өтірікпен алдайын ба?
Қымызым кетсе жаудың таңдайында,
Қыздарым кетсе жаудың борбайында.
Зайытовты тағы жоқ қылып жібермей ме өзі? Жаман айтып тастапты тағы да..
Posted by Бек Максат on Tuesday, November 7, 2017
Осы жалынды сөздерге риза болған жұрт қайта-қайта шапалақтаумен болған.
Айта кетейік, Ақтөбе облысының 85 жылдық мерейтойына арналған бұл айтыстың бас жүлдеге тігілген 2 миллион теңгесін қарағандылық Төлеген Жұманов жеңіп алды. Ал Ринат Зайытовқа бірінші орын бұйырған. Жүлделерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі табыстапты.