Ринат Зайытов ұятсыз бағдарламаларды жабуға шақырған ер адамды қолдап шықты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ринат Зайытов ұятсыз бағдарламаларды жабуға шақырған ер адамды қолдап шықты (ВИДЕО)

Ринат Зайытов ұятсыз бағдарламаларды жабуға шақырған ер адамды қолдап шықты (ВИДЕО)

Белгілі ақын Ринат Зайытов өзінің Instagram-парақшасында ұятсыз бағдарламаларды жабуға шақырған ер адамның үндеуін жариялап, оны қолдайтынын мәлімдеген.

  • 8 Мамыр 2019
  • 442
Фото - Caravan.kz


«Қос қолдап келісемін бауырымның сөзіне!»,-деп жазды айтыскер ақын.

Бейнеүндеуде белгісіз ер адам «Өз ойым», «Ойбай шоу», «Астарлы ақиқат» секілді бағдарламалардың жүргізушілерінен мақсаттары не екенін сұрайды. Ақша ма әлде жас ұрпақты құрту ма деген сауалды төтесінен қойған. Ұрпаққа жаман ой сыйлап, осылай тапқан ақша «ана өмірге» барғанда күнәларын жуып-шаюға құдіреті жетпейтінін айтады. Сондай-ақ, ол шындықты айтып шырылдаған ақындар мен әншілерді, көк байрағымызды желбіретіп жүрген спортшыларымызды осындай бағдарламаларды жабуға атсалысуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар