Осылайша, ересектер арасында үздік спортшы жүлдесі оңтүстік африкалық жеңіл атлет Вайде ван Никеркке бұйырды. Ол Рио-да 400 метрге жүгіруден алтын медаль алған болатын. Бұған қоса, ван Никерк 43.03 секунд көрсеткішпен әлем рекордын жаңартты.
Ал әйелдер арасында ең үздік спортшы – Моника Пуиг. Пуэрто-рикалық теннисші Олимпиаданың басты сенсациясы атанды. Моника турнир барысында бірнеше фавориттерді (Гарбинье Мугуруса, Петра Квитова, Анжелик Кербер) жарыс жолынан шығарды. Пуиг өз еліне тұңғыш Олимпиада алтын жүлдесін сыйлады.
Командалық спорт түрінде ең үздік ұжым – регбиден Фиджи құрамасы. Бұл команда да өз еліне тұңғыш Олимпиада жүлдесін сыйлаған болатын.
Әйелдер арасында ең үздік команда – шөп үстіндегі хоккейден Олимпиада чемпионы атанған Ұлыбритания құрамасы.