Рио-2016: Ойынның үшінші күні қазақстандықтар спорттың жеті түрі бойынша шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рио-2016: Ойынның үшінші күні қазақстандықтар спорттың жеті түрі бойынша шығады

Рио-2016: Ойынның үшінші күні қазақстандықтар спорттың жеті түрі бойынша шығады

Бүгін Рио-де-Жанейрода Олимпиадалық ойындарда қазақстандықтар спорттың жеті түрі бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлады  Sports.kz.

  • 8 Тамыз 2016
  • 395
Фото - Caravan.kz

Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де пневматикалық винтовкадан оқ атуға    Юрий Юрков шығады.

Сондай-ақ  18:00-де финалда медаль үшін   садақшылар жарысқа шығады, олар: ерлер арасында Сұлтан Дүзелбаев және әйелдер арасында Луиза Сайдиева.

Сағат 18.30-дан бастап, академиялық есу жарысында жеке сында Светлана Германович пен Владислав Павловтың жұбаныш финалы өтеді. 19.00-де татамиге 73 келіге дейінгі салмақ санатында дзюдошы Дидар Хамза шығады.

22.10-да есу слаломында жарыс басталады, онда ел намысын Екатерина Смирнова қорғайтын болады. Рингке отандық бокс мектебінің үш өкілі шығады: 2:00-де 49 келіге дейін салмақта Біржан Жақыпов, 3.30-да 75 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әлімханұлы, ал сағат 4.00-де 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит шығатын болады.

8 тамызда қазақстандықтардың жарысқа қатысуын 62 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсететін ауыр атлет Фархад Харки аяқтайды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера