Рио-2016: Жаппарқұл, Зайчиков, Ұлановтан медаль күтеміз - Қайрат Тұрлыханов - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рио-2016: Жаппарқұл, Зайчиков, Ұлановтан медаль күтеміз - Қайрат Тұрлыханов

Рио-2016: Жаппарқұл, Зайчиков, Ұлановтан медаль күтеміз - Қайрат Тұрлыханов

Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов Рио-де-Жайнерода өтіп жатқан жазғы  Олимпиада-2016 ойындарында қазақстандық зілтеміршілерден күтетін болжамымен бөлісті.

  • 8 Тамыз 2016
  • 332
Фото - Caravan.kz

«Біздің командамыз өте жас. Олардың келешектері жарқын. Жазира Жаппарқұлдан медаль күтеміз, оның қазір нағыз бабында тұрған шағы. Зайчиков, Ұлановтар — мықты ауыр атлеттер. Медаль алатындарына сенімдімін», — деген Тұрлыхановтың сөзін келтіреді «Хабар» сайты.

Олимпиадада сегіз зілтмерішінің екеуі өнер көрсетті. Маргарита Елисеева 48 келіге дейінгі салмақта бесінші болса, Арли Чонтей 4-ші орынға  (56 келіге дейінгі салмақта) тұрақтап, медальға сәл ғана жетпей қалды.