Риода ауыр атлеттеріміздің жарысқа шығатын күндері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Риода ауыр атлеттеріміздің жарысқа шығатын күндері белгілі болды

Риода ауыр атлеттеріміздің жарысқа шығатын күндері белгілі болды

Рио олимпиадасында ауыр атлеттеріміздің жарысқа шығатын күндері белгілі болды. Риода қазақ ауыр атлеттерінен ең бірінші болып, 6 тамыз күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 7 тамыз таңғы сағат 04:00) әйелдер арасындағы бәсекеде 48 келідегі қызымыз М. Елисеева өнер көрсетеді.

  • 23 Шiлде 2016
  • 691
Фото - Caravan.kz


Ал жарыстың екінші күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 8 тамыз таңғы сағат 04:00) ерлер арасында 56 келі салмақтағы легионеріміз А. Чонтей ел намысын қорғайды. 

Тамыздың 8-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 9 тамыз таңғы сағат 04:00) тағы бір легионер, ауыр атлетіміз 62 келі салмақтағы Ф. Харкидің зілтемірді қалай көтергенін көретін боламыз.

Тамыздың 9-ы күні сағат 15:30-да (Астана уақыты бойынша 10 тамыз  сағат 00:30) 63 келі салмақтағы ауыр атлет қызымыз Л. Горичеваның өнерін тамашалаймыз. 

Тамыздың 10-ы күні 15:30-да (Астана уақыты бойынша 11 тамыз сағат 00:30)  қазақтың қаракөз қызы Ж. Жаппарқұл 69 келі салмақта ел намысын қорғайды. Осы күні кешкі сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 11 тамыз таңғы сағат 04:00) 77 келіде ерлер арасында Н. Рахимов сынға түседі.

Тамыздың 12-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 13 тамыз таңғы сағат 04:00)  ерлер арасында 85 келі салмақта Д. Ұланов өз өнерін пәш етеді. 

Ауыр атлеттеріміздің бәсекесі үш күн үзілістен кейін, яғни тамыздың 15-і күні қайта жалғасады. Бұл күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 16 тамыз таңғы сағат 04:00) +105 келі салмақтағы зілтеміршіміз қызылордалық А. Зайчиков ел намысын қорғайды.

null null null null null