Robotek Grand Tournament Astana-ға жол: өңірлік турнирлер үздіктерді анықтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.09
  • 551.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Robotek Grand Tournament Astana-ға жол: өңірлік турнирлер үздіктерді анықтайды

Robotek Grand Tournament Astana-ға жол: өңірлік турнирлер үздіктерді анықтайды

Павлодар, Петропавл және Талдықорған қалаларында бір уақытта мектеп оқушылары арасында робототехникадан өңірлік турнирлер өтті.

  • 1 Сәуiр
  • 8
Фото: fnn.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы fnn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Олар Ozyq Urpaq республикалық білім беру жобасының қатысушылары.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Ozyq Urpaq жобасы аясында өткен жарысты Robotek робототехника мектебі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырды.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Турнирлер өңірлік білім басқармаларының қолдауымен өткізіліп, 2026 жылы 12-13 мамырда Астанада өтетін Robotek Grand Tournament Astana халықаралық чемпионатына іріктеу кезеңі болды.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Турнирлерге әр қаладағы бес мектептен командалар қатысты. Әр мектептен бірнеше команда (әр қалада шамамен 30-40 оқушы) өнер көрсетті. Қатысушылар робототехникалық жобаларды әзірлеу және бағдарламалау дағдысын көрсетті.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Жарыстар кіші жас санаты (2013-2017 жылы туғандар) арасында екі бағыт бойынша өтті:

   •  «Роботек»

   •  «Инверстік сызық бойымен жарыс»

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Турнир барысында командаларға робот дайындап, сынақтан өткізуге уақыт берілді. Одан кейін екі жарыс өтті. Соның нәтижесінде қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

— Ozyq Urpaq жобасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның аясында әр қалада жалпы білім беретін мектептер қатысып, сол мектептердің базасында мұғалімдерге тегін оқу курстары өткізіледі. Кейін мұғалімдер алған білімдерін оқушыларға үйретеді. Оқушылар бағдарламалау, робот құрастыру және инженерлік ойлау негіздерін меңгереді. Соңғы 4 жылда жобаға Қазақстанның 11 қаласындағы 55 мектептен шамамен 4000 оқушы қатысты, — деді Robotek робототехника мектебінің директоры Санжар Шалқарбеков.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Ол сондай-ақ, жыл сайын өткізілетін облыстық турнирлер оқушыларға алған білімін бекітіп, өзін көрсетуге және жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Robotek Grand Tournament Astana чемпионаты Орталық Азиядағы мектеп оқушылары арасындағы робототехника бойынша ең ірі жарыстардың бірі. Жыл сайын іріктеу кезеңдеріне 1600-ден астам оқушы қатысады, ал финалдық кезеңге Қазақстанның барлық өңірі мен шетелдерден 500-ден астам бала жиналады.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz