Басты партияларды Әйгерім Бекетаева, Жәнібек Иманқұлов және Әнел Рүстемова сынды «Астана Опера» балетінің жетекші әншілері орындайды.
Балет атақты мүсінші Огюст Роденнің шәкірті Камилла Клодельдің психиатриялық ауруханада жатқан көрінісінен басталады. Жас әрі талантты Камилланың маңдайына махаббат үшбұрышына тап болу жазылыпты, оның тағдыры мен махаббатының трагедиясы да осында. Құштарлық, өшпенділік, қызғаныш, кәсіпте жолы болмау — жас қыздың сағын сындырып, нәтижесінде оның өмірі есі ауысқандардың ауруханасынан бірақ шығаратын жазғыздықпен қайғылы аяқталады. Роден болса шығармашылығы үшін Жер бетіндегі басты нәрселер — махаббат, адам бақыты, денсаулық, жан тыныштығын құрбан етеді.
Айта кеткен жөн, Роден мен Клодельдің қолынан шыққан жауһарлар ондаған жылдар бойы миллиондаған адамды таң қалдырумен келеді. Алайда бұлардың сахна сыртындағы жеке өмірлері қандай қайғыға толы болғанын жайлы екінің бірі ойлана да бермес.
Балеттің басталуы 19:00, ал билеттің бағасы 1 500-5 000 теңге аралығында.