Роман Поланскидің «Елес» фильмі Еуропалық киноакадемияның алты жүлдесіне ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роман Поланскидің «Елес» фильмі Еуропалық киноакадемияның алты жүлдесіне ие болды

Роман Поланскидің «Елес» фильмі Еуропалық киноакадемияның алты жүлдесіне ие болды

Танымал әлемдік режиссер Роман Поланскидің «Елес» («The Ghost Writer») фильмі Эстония астанасы Таллин қаласында ағымдағы жылдың 4 желтоқсаны күні өткен Еуропалық киноакадемияның марапаттау рәсімінде алты аталым бойынша жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Еурокомиссияның баспасөз қызметі.

  • 6 Желтоқсан 2010
  • 618
Фото - Caravan.kz

«Елес» фильмі жылдың ең үздік киносы болып аталды. Сонымен қатар бұл туынды ең үздік режиссура үшін берілетін «Еуро-Оскар» (Роман Полански), ең үздік ер адам рөлінің (Эван МакГрегор), ең үздік сценарий (Роберт Харрис пен Роман Полански), костюм бойынша ең үздік суретші (Альбрехт Конрад) және ең үздік музыка (Александр Деспла) жүлделеріне ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл фильмнің Қазақстандағы премьерасы 2010 жылдың тамыз айында өткен болатын.

Перейти к новостям спорта