Романс орындаушылардың халықаралық байқауы Шымкентте өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Романс орындаушылардың халықаралық байқауы Шымкентте өтеді

Романс орындаушылардың халықаралық байқауы Шымкентте өтеді

Романс орындаушылардың халықаралық байқауы Шымкент қаласында 3 қазан күні басталады.

  • 1 Қазан 2013
  • 471
Фото - Caravan.kz

Оның салтанатты ашылуына Мәскеу халықаралық байқауының лауреаттары қатысады. Шара облыстық опера және балет театрында өтеді.

Байқаудың екінші күні танымал романс орындаушылардың қатысуымен музыканттарға арнап шеберлік сыныбы ұйымдастырылады. Ал актерлерге арналған шеберлік сыныбын Аристарх Ливанов жүргізеді. Дәл осы күні гала-концерт болады.

Оңтүстік Қазақстанда бірінші романсиада 16 жыл бұрын өткізілген. Онда оны «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті ұйымдастырған болатын. Содан бері бұл байқау кеңінен танылып, халықаралық мәртебеге ие болды.


Перейти к новостям спорта