Роналдо өзі иелерінің бірі болып табылатын америкалық "Форт-Лодердейл Страйкерс" клубының құрамында шеберлігін көрсетеді деп күтілуде.
"Құраманы құрастыруда және клубтың дамуына септесетін шараларға белсенді қатысамын. АҚШ-та футбол жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын нық сеніммен айта аламын ", — деді бұрынғы форвард.
Роналдо — бразилиялық футболда аты аңызға айналған футболшы. Екі дүркін әлем чемпионы, ФИФА нұсқасы бойынша үш дүркін әлемнің үздік футболшысы атанған.