Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

Әлемдегі ең жақсы шабуылдаушылардың бірі португалдық Криштиану Роналду өзінің YouTube арнасына 24 сағат ішінде 19 729 827 адам жинап Гиннестің рекордтар кітабының беттеріне ресми түрде кірді

  • 29 Тамыз
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жетекшісі Криштиану Роналду 24 сағат ішінде 19 729 827 адаммен YouTube – те жазылушылар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты.

21 тамызда атақты футболшы өзінің YouTube арнасының іске қосылғанын жариялады. Бұл жаңалық шыққаннан кейін бір жарым сағат ішінде арнаға миллион адам тіркелген.

Бүгінде Роналдуның каналында 50 миллионнан астам жазылушы бар.

Ал форвардтың өзі 29 тамызда УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік бомбардир ретінде УЕФА президенті Александр Чефериннің арнайы сыйлығымен марапатталады.