Роналду Головкиннің «Іnstagram» парақшасына тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналду Головкиннің «Іnstagram» парақшасына тіркелді

Роналду Головкиннің «Іnstagram» парақшасына тіркелді

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің «Іnstagram» желісіндегі ресми парақшасына жазылды.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 624
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

Танымал футболшы «Instagram» желісінде 184 аккаунттың жаңалықтарын шолып тұрады екен. Олардың қатарында Геннадийден бөлек Флойд Мейвезер, Майк Тайсон, Сауль Альварес, Шейн Мосли, Заб Джуда сынды боксшылар және «Golden Boy» промоутерлік компаниясы мен «НВО» арнасының ресми парақшалары бар.

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин осыған дейінгі сұхбаттарында  «Реал» мен Роналдуға жанкүйерлік танытатыны туралы айтқан болатын, деп жазады massaget.kz.