«Алтын доп» иегерінің есімі 12 қаңтарда Цюрихте өтетін ФИФА-ның жыл қорытындыларына арналған салтанатты кешінде белгілі болады. Оны ФИФА-ның құрамына кіретін барлық елдердің бас бапкерлері мен құрама капитандары қатысатын дауыс беру қорытындылары бойынша анықтайды.
Жүлдеге үміткер үш адамның есімі ресми түрде дүйсенбі күні кешке жарияланды.