Роналду өзінің агентіне үйлену тойына грек аралын сыйға тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роналду өзінің агентіне үйлену тойына грек аралын сыйға тартты

Роналду өзінің агентіне үйлену тойына грек аралын сыйға тартты

«Реал Мадрид» футбол клубының жұлдызы және мультимиллионер Криштиану Роналду өзінің агенті Жорже Мендеске үйлену тойына грек аралын сыйға тартты, деп хабарлады Би-би-си. 

  • 4 Тамыз 2015
  • 480
Фото - Caravan.kz

Аралдың атауы айтылмаған, алайда оның құны миллион долларға жетіп жығылады.

Испандық Mundo Deportivo сайты Роналдудың бұрын Миконоседе демалғанын хабарлады және ол грек аралдарын жақсы біледі.

Мендес өткен жексенбі күні Португалиядағы өзінің сүйіктісі Сандреге үйленді. Атақты қонақтардың арасында шотландтық футбол жаттықтырушысы Алекс Фергюсон да болған.

 «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жаттықтырушысы 2003 жылы Роналдуды өз командасына алған болатын. Әлемнің ең үздік футболшысы онда 2009 жылға дейін ойнады. Роналду үздік футболшыға үш жылда бір рет тапсырылатын ФИФА-ның Алтын добына ие болды.

49 жастағы Жорже Мендес — әлемдегі ең табысты футбол агенттерінің бірі, ол футболшыларға агенттік қызмет көрсететін  Gestifute компаниясының қожайыны.


Саудаға кемінде он грек аралы шығарылған. Солардың бірі үш миллионға еуроға сатылмақ. 

Соңғы жаңалықтар