Росатом Қазақстанда атом энергетикасы жөніндегі ақпараттық орталық ашуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Росатом Қазақстанда атом энергетикасы жөніндегі ақпараттық орталық ашуды жоспарлап отыр

Росатом Қазақстанда атом энергетикасы жөніндегі ақпараттық орталық ашуды жоспарлап отыр

Сейсенбі күні «Росатом» және «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясы атом энергетикасын кеңінен насихаттау бағытында ынтымақтастық орнату туралы меморандум бекітті.

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 882
Фото - Caravan.kz

Құжатқа МАГАТЭ ұйымының 58-ші бас конференциясы барысында «Росатом» басшысы Сергей Кириенко мен «Қазатомөндіріс» басшысы Нұрлан Қаппаров қол қойды.

Келісім бойынша Қазақстанда ақпараттық орталық ашу, сондай-ақ, бірлескен бағдарламаларды ынталандыратын оқу-әдістемелік материалдар дайындау көзделген.

Жыл соңына дейін осындай орталық Минск қаласында да ашылмақ.