"Роснефть" мұнай компаниясы Каспий шельфіндегі бұрғылау жұмыстарына арналған "Исполин" атты кемені пайдалануға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Роснефть" мұнай компаниясы Каспий шельфіндегі бұрғылау жұмыстарына арналған "Исполин" атты кемені пайдалануға берді

"Роснефть" мұнай компаниясы Каспий шельфіндегі бұрғылау жұмыстарына арналған "Исполин" атты кемені пайдалануға берді

"Роснефть" Мұнай компаниясы" ААҚ Каспий шельфіндегі, соның ішінде теңіздің Қазақстандық бөлігіндегі Құрманғазы құрылымындағы бұрғылау жұмыстарына арналған Ресейде теңдесі жоқ "Исполин" атты өнеркәсіптік кемені пайдалануға берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Роснефть" Мұнай компаниясы" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 639
Фото - Caravan.kz

Кемені бұрғылау қондырғысымен жабдықтау және оны салып бітіру жұмыстарын «Роснефть» мұнай компаниясының тапсырысымен Астраханьдағы «Красные баррикады» кеме жасау зауыты жүзеге асырды. «Роснефть» «Исполин» кемесін қайтадан жабдықтау мақсатына 60 млн. доллар көлеміндегі инвестиция жұмсады. Кеме Каспийдің солтүстігіндегі теңіздің саяз бөлігінде 3000 метр тереңдікте барлау мақсатындағы бұрғылау жұмыстарына арналған техникалық жабдықтармен жарақталған.

Кемені пайдалануға беру арқылы «Роснефть» Каспий теңізінің айналасындағы мемлекеттермен теңізден мұнай өндіру саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге, компанияның ресурстық қорын нығайтуға мүмкіндік алады. Тек биылдың өзінде «Роснефть» жаңа кеніштерді іске қосу және жаңаша активтер сатып алу нәтижесінде 20 млн. тонна мұнай өндіруді межелеп отыр. Ал 2013-жылға дейін есептелген стратегияға сәйкес өнім көлемін 55 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресей жағынан «Роснефть» Мұнай компаниясы» ААҚ мен Қазақстан жағынан «ҚазақМұнайГаз ҰК » ЖАҚ Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі Құрманғазы кенішін бірлесіп игеруге уәкілетті ұйымдар болып табылады.
Тараптар бұл құрылымды Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім шарттарына сәйкес бірлесіп игеруге уағдаласқан. Қазіргі таңда, екі компания арасында өзара келісілген Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімнің жобасы Қазақстан үкіметінде қаралуда.