"Роснефть" мұнай компаниясы Құрманғазы құрылымындағы бұрғылау жұмыстарына Өнім бөлісу жөніндегі келісімге қол қойыла сала кіріскелі отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Роснефть" мұнай компаниясы Құрманғазы құрылымындағы бұрғылау жұмыстарына Өнім бөлісу жөніндегі келісімге қол қойыла сала кіріскелі отыр

"Роснефть" мұнай компаниясы Құрманғазы құрылымындағы бұрғылау жұмыстарына Өнім бөлісу жөніндегі келісімге қол қойыла сала кіріскелі отыр

"Роснефть" мұнай компаниясы Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі Құрманғазы құрылымындағы бұрғылау жұмыстарына Өнім бөлісу жөніндегі келісімге қол қойыла сала кіріскелі отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Роснефть" мұнай компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2003
  • 366
Фото - Caravan.kz

«Роснефть» мұнай компаниясының президенті Сергей Богданчиковтың айтуынша, компания Өнім бөлісу жөніндегі келісімнің жобасын Қазақстан жағына табыс еткен. Компаия президенті бұл мәселені шешу үшін екі айдан астам уақыт керек деген пікірде.

«Роснефть» мұнай компаниясы Құрманғазы мұнайының есебінен Каспий Құбыр консорциумындағы (КТК) өзіне тиесілі квотаны толықтырмақ ниетте,- деді С.Богданчиков.
«Роснефть» мұнай компаниясы «Роснефть-Shell» Бірлескен кәсіпорнын құру арқылы КТК-ның акционерлері қатарына қосылған. Бірлескен компанияның мұнай тасымалдау квотасы жылына 3 млн. тоннаны құрайды. Құбырдың өткізгіштік қабілеті 38 млн. тоннаға дейін арттырылған жағдайда Бірлескен кәсіпорынның квотасы 5 млн. тоннаға жетеді. Бірлескен кәсіпорынға бөлінген квотаның 51 процентін «Роснефть» мұнай компаниясына тиесілі шикізат құрайды.

Соңғы жаңалықтар