Жарияланды: 340

Роза Отунбаева Астанаға келді

Роза Отунбаева Астанаға келді

Қырғызстан президенті Роза Отунбаева Шанхай ынтымақтастығы ұйымының мемлекет басшыларының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы ҚР премьері Кәрім Мәсімовтың баспасөз қызметі хабарлайды.

Әуежайда оны премьер-министр Кәрім Мәсімов пен денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова бастаған ресми делегация қарсы алды. Бүгін сондай-ақ, Ресей, Өзбекстан және Пәкістан президенттері келеді. 15 маусымда ұйымның құрылғанына он жыл толуына арналған ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті өтеді. Самитте ШЫҰ онжылдық декларациясын қабылдау жоспарланған, онда ШЫҰ аясындағы алдағы бірлескен жұмыстың бағыттары белгіленеді. Сондай-ақ, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы мен оны орындау бағдарламасын қабылдау көзделген. Бұған қоса, ШЫҰ-ға мүше-мемлекет статусын алуға өтініш берген мемлекеттің міндеттері туралы меморандумға және ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр. ШЫҰ – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшылары құрған аймақтық халықаралық ұйым.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін