Роза Отынбаева Италия президентінің патронатымен «2015 жылғы Минерва» сыйлығына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роза Отынбаева Италия президентінің патронатымен «2015 жылғы Минерва» сыйлығына ие болды

Роза Отынбаева Италия президентінің патронатымен «2015 жылғы Минерва» сыйлығына ие болды

Қырғызстанның экс-президенті Роза Отынбаева Италия президентінің  патронатымен «2015 жылғы Минерва» сыйлығына ие болды. 

  • 7 Тамыз 2015
  • 280
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КирТАГ «Роза Отунбаева бастамалары» халықаралық қорына сілтеме жасап хабарлады.  

«2015 жылы 24 маусымда Италияның «Әйелдер клубы» Италия Республикасы президентінің Жоғары патронатымен саясат саласындағы қызметі, Қырғызстандағы жоғары инстуционалдық рөлі мен халықаралық деңгейдегі бейбітшілік пен демократияға қатысты жұмысы үшін Қырғызстанның экс-президенті Роза Отынбаеваға  «2015 жылғы Минерва» сыйлығын тағайындады», — деп  мәлім еткен қордан.

Атап өтілгендей, сыйлықты 1983 жылы Il Club delle Donne коммерциялық емес қауымдастығы бекіткен. Ол жыл сайын сан саладағы жаңашылдыққа бастама болған, қайсар да өршіл әйелдерге беріледі.

Бұған дейін сыйлыққа Симона Вейл (Еуропалық парламенттің президенті болған тұңғыш әйел); Ноэлин Хейзер (ЮНИФЕМ-нің бұрынғы атқарушы директоры); Шейха Лубна Аль-Касими (БАӘ сыртқы сауда министрі); Мама Коите Думбия (ФЕМНЕТ президенті); Халида Мессаоуди (Алжирдің мәдениет министрі); Ирина Бокова (ЮНЕСКО бас директоры); Масуме Эбтекар (Иранның вице-президенті қызметін атқарған алғашқы әйел) ие болған.


  

Соңғы жаңалықтар