Бұл туралы бүгiн Астана күнiне арналған «Әнім сен едің» концертiнiң қарсаңында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында әншiнiң өзі мәлiм еттi.
"Биыл мен Шәмшi Қалдаяқовтың есiмiн еске алу кешiне алғаш рет қатысқалы отырмын. Мен үшiн бұл өте елеулi оқиға. Мен Шәмшi ағамен 1975 жылы жас өнерпаздар байқауында танысқанмын. Ол қазылар алқасының төрағасы едi. Мен сол байқауда жеңiмпаз атанып, содан берi сол кiсiмен араласуым орнады деуге де болады. Оның шығармасын тұңғыш рет "Мұрагер" ансамблiнiң қатарында жүрiп орындағанмын, бiздi тыңдаған Шәмшi аға көңiлiнен шығатындығын жеткiздi", — деп атап өттi ол.
Оның айтуынша, Ш.Қалдаяқовтың әндерi қазақ халқының алтын мұрасына айналды.
"Бiздiң елде ұлы композитордың шығармаларын естiмеген жан жоқ шығар. Концертке келген жамағат ол кiсiнiң әндерiн бiрге қосылып айтады деп сенемiн, себебi олар халықтың құлағында жүрген танымал әндер", — дейдi Р.Рымбаева.
4 шiлдеде "Қазақстан" концерт залында өтетiн кеште Ш.Қалдаяқовтың танымал хиттерiмен қатар, аз шырқалып келген сирек әндерi де шырқалмақ. Жалпы композитордың қорында 300-ден астам ән болған.
Қазақ вальсi королiнiң шығармаларын орындауға Бибiгүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Әлiбек Дiнiшев, Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева, МузАрт тобы, «КешYou», «Rin'Go», «Melo'Men», сонымен қатар әйгiлi опера әншiлерi Сүндет Байғожин, Гүлзат Дәуірбаева мен Айгүл Ниязова сахнаға шығады.
Айта кетейiк, Ш.Қалдаяқовтың ән кешi 1992 жылдан берi өткiзiлiп келедi.